"Басымнан үлкен сынақтар өтті". Актер Олжас Абай жан сырын ақтарды

Актер Олжас Абай өмірінде кездескен сынақтар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Revue News арнасына сілтеме жасап.

Өнер иесі бұл сынақтан мамандығы алып шыққанын атап өтті.

"Қазір жаман қылықтарға әуестігім жоқ. Басымнан үлкен сынақтар өткен еді. Сол сынақтан мені мамандығым алып шықты. Сүйіп істейтін актерлықтағы арманымды орындау мақсатында біраз жоғалған жылдарымды қайтарғым келеді. Сол жағынан мамандығым үлкен себеп болды", - деді ол.

Актердің айтуынша, өзінің жаңа туындысының сценарийі өнер иесінің өміріне ұқсастығы бар.

"Қазір түсіріп жатқан туындымыздың алғашқы түсірілімінде ойнай алмай қойдым. Сөйтіп, режиссерге айтып, кейінге шегердім. Осы уақытқа дейін киноларда тек актер ретінде жауапкершілік алдым. Ал мұнда басқа жауапкершілік болғандықтан бірден басталып кетті де, өзім түсінбей қалдым. Сценарий да өз өміріме ұқсас әрі басымнан өткендіктен көзіме жас алған сәттер болды", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз