Көлікте қомақты ақша болған: өзгенің темір тұлпарын заңсыз иемденген күдікті ұсталды

Көлікте қомақты ақша болған: өзгенің темір тұлпарын заңсыз иемденген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады. 

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды.

34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген. Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина