"Ұлттық қор - балаларға!" Шотқа түсетін ақша неге аз?

"Ұлттық қор - балаларға!" Шотқа түсетін ақша неге аз?
Фото: pixabay.com

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова "Ұлттық қор - балаларға!" жобасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Балалардың шотына түсетін ақша аз деп ойламайсыз ба?" - деп сұрады БАҚ өкілі Тамар Дүйсеновадан.

Вице-премьер балалардың шотына қаржы жыл бойы үзбей түсіп тұратынын айтады.

"Бүкіл баланың шотына 150 доллар түседі деп күтілген, нәтижесінде 100 доллардан түсті. Біз басында балалар қорына инвестициялық кірістердің 50 пайызы деп есептегенбіз. Біріншіден, бұл кіріске байланысты, екіншіден балалардың санына қатысты", - дейді Тамара Дүйсенова.

Шенеунік елімізде туу көрсеткіші артып келе жатқанын мәлімдеді.

"Балалардың шотына ақша аударудың есебін былтыр мамырда Қаржы министрлігі жасады. Иә, инфляцияны есепке алғанда бұл сома аз, бірақ бала кәмелет жасына толғанда кіріс айтарлықтай болады", - деді вице-премьер.

Еске салайық, бұған дейін қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биыл "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында 18 жасқа толған қазақстандықтарға қанша доллар түсетінін, сонымен қатар, неге уәде етілгенінен азырақ түскенін айтқан еді.

Жасұлан Ордабаев

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz