"180 мың теңге". Министр өртсөндірушілердің жалақысы аз екенін мойындады

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов өртсөндірушілердің жалақысы мардымсыз екенін мойындап, еңбекақы біртіндеп көтерілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өртсөндірушілердің жалақысы сәл көтерілді. Бүгінде ең төменгі жалақы өртсөндіруші сержантта, 180 мың теңге. Оның аз екенін мойындаймын. Бұл мәселе министрліктің бақылауында. Еңбеақыны көтеруге қадам жасап жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда 18 мың өртсөндіруші бар. Олардың жалақысын бір мезгілде көтеру мүмкін емес. Біртіндеп әрекет етеміз", - деді Шыңғыс Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев еліміздегі өртсөндірушілердің әлеуметтік жағдайын мәз емес екенін айтып қынжылды. 

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!