Семейдегі аспалы көпір қатты аяздан екіге бөлініп кетті

Семейдегі аспалы көпір  қатты аяздан екіге бөлініп кетті
Фото: Massaget.kz

Семей қаласындағы аспалы көпір қатты аяздан жарылып, екіге бөлініп кетті. Қазір қала әкімдігі көпірдің екіге бөлінген жерін бақылап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, саңылаулардың ұзындығы кей жерде 20 сантиметрге жетеді. Бұл жағдайды тексерген жергілікті әкімдік өкілдері көпір қирамайды, қауіп жоқ. Күнделікті бақылау жасалады деп отыр.

Аспалы көпірдегі саңылауды арнайы мамандар тексереді. Егер қауіп расталса, жобалық-сметалық құжат дайындалып жөндеу жүргізіледі.

"Деформациялық тігістердің ашылуы бұл ауа райының күрт төмендеуіне байланысты болды. Мұндай санаулар қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта көпірге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Конструкциясына. Сондай-ақ Алматы қаласынан мамандар шақырылды. 20 ақпан күні толық тексеріс жүргізілетін болады аспалы көпірде", деді қалалық жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының м.а Әділбек Увасилов.

Еске сала кетсек, 16 ақпан күні үскірік аяздан көпірдің екі бөлігінде ұзындығы 70 миллиметрге жететін жарықтар пайда болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы