Дәрігер егде жастағы адамдарда неліктен тамақта тас тұрғандай сезім болатынын түсіндірді

Дәрігер егде жастағы адамдарда неліктен тамақта тас тұрғандай сезім болатынын түсіндірді
Фото: pixabay.com

Егде жастағы адамдарда тамақта тас тұрғандай сезім асқазанның рефлюкс ауруы, стресс, бұлшықет спазмы немесе қалқанша безінің ауруы салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл туралы терапевт Алексей Хухрев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, егде жастағы адамдар көбінесе тамақта тас тұрғандай сезімге шағымданады. Сондықтан егер ауырсыну ұзақ уақыт кетпесе, ең алдымен, қалқанша безін тексеру керек. Өйткені оның кейбір бұзылыстарында тамақта тас тұрғандай сезім тудыратын үлкен түйіндер пайда болады.

"Сондай-ақ, тамақ асқазан сөлінен күйіп қалу мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Рефлюкс эзофагитінде асқазанның сөлі өңешке дейін көтеріліп, көмейге жетсе, тамақта тас тұрғандай сезім жиі кездеседі", - деп түсіндірді Алексей Хухрев.

Сонымен қатар, кейде тамақта тас тұрғандай сезімнің себебі егде жастағы адамдарға тән және бұлшықет серпімділігінің төмендеуімен байланысты дамыған спазм болуы мүмкін. Ол емделеді, сондықтан мейлінше тезірек дәрігерге барған абзал. Оған қоса мұндай ыңғайсыздықты стресс те тудыруы мүмкін. 

"Егер уайым көп болса, ыңғайсыздық ауырлай түседі. Ол адам тынышталған кезде ғана кетеді", - деді дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер 60 жастан асқан адамдарға неліктен ішімдік ішуден бас тарту керегін түсіндіргені хабарланған болатын.

Дәрігердің айтуынша, алкоголь 60 жастан асқан бұлшықет атрофиясынан немесе тепе-теңдікті сақтаудан зардап шегетін адамның өміріне қауіп төндіреді. Өйткені алкоголь орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдап, полиневропатияның дамуына әкеп соқтырады. Аурудың негізгі белгілеріне жүру кезінде тербелістің пайда болуы, сенімдік жатады. Ал сенімсіздіктің кесірінен егде жастағы адамдар көп құлап, оқиға өлім-жітіммен аяқталады. 

Сонымен қатар, дәрігер адам қартайған сайын алкогольді көп тұтынса, ақыл-ой және есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқтыратынын ескертті.

"Алкоголь миға тікелей әсер етеді, есте сақтау қабілетін нашарлатады. Бұл Вернике - Корсакофф синдромы деп аталады", - дейді дәрігер.

Тағы да оқи отырыңыздар: Радиусы 13 см шар центрінен 12 см қашықтықта жазықтықпен қиылған. Қиманың ауданын табыңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә