Ағзаға темір жетіспейтінін ескертетін 5 ерекше белгі

Ағзаға темір жетіспейтінін ескертетін 5 ерекше белгі
Фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлем бойынша 80 пайыз адамның ағзасында темір тапшы. Деннің саулығы үшін ең маңызды минералдың бірі - темір, ол жасушаларға оттегін жеткізуге жауапты. Егер темір жеткіліксіз болса, маңызды органдар тұншығады, сондықтан темір деңгейін жиі тексеріп тұру керек. Оған қоса, оның жетіспейтінін ескертетін белгілерге де назар аударған жөн.

"Біртүрлі" заттарды жегіңіз келеді

Ағзасы темір тапшылығын сезінетін адамдар кір, саз, крахмал, картон және тіпті кейбір тазартқыштардың дәмін татқысы келіп тұрады. Әдетте, бұл тізімдегі заттарды сау адамның қатарынан жүкті әйелдер немесе жас балаларда жейді, сондықтан болар көпшілік бұған аса қатты мән бермейді. Ал егер егде жастағы адамнан осындай әдетті байқайтын болсаңыз, дереу дәрігер кеңесіне жазылғаныңыз дұрыс.

Тырнақ сынғыштанып, пішіні өзгереді

Сынғыш тырнақтар кальцийдің ғана емес, темірдің де жетіспеушілігінің дәлелі. Тағы бір ерекше белгі - тырнақ пластинасының пішіні өзгереді, ал тырнақтың өзі қасыққа ұқсайды. Егер осындай белгіні байқасаңыз, дәрігерге барып, қандағы темір деңгейін тексеру керек.

Тіліңіз ісіп кеткен секілді болады

Атрофиялық глоссит - тіл ісіп, ауыратын жағдай. Тіл ісіп, бетінен кішкентай папиллалар кетіп, тілдің беті толығымен тегіс болады. Бұған қоса, ауыздың құрғауы, ашыту, жұтыну кезіндегі қиындықтар секілді белгілер де бірге жұреді.

Кенеттен мұзға жеріктік басталуы

Мұз кесегін соруға деген құштарлық темірдің ауыр жетіспеушілігінің ең көп тараған белгісінің бірі, оны бақылауда ұстау мүмкін емес. Сарапшылардың сөзінше, мұз ісінген тілді "тыныштандыруға" көмектеседі.

Еріннің бұрыштарында үнемі "ауыздық" пайда болады

Еріннің терісі құрғап, жарылады, себебі ауа тым құрғақ, сонымен қатар күн сәулесі де ұзақ уақыт бойы әсер етуі мүмкін. Алайда егер ерніңіздің бұрыштарында сөйлеуге немесе күлуге кедергі келтіретін жарық пайда болса, бұл темірдің жетіспеушілігі болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін қанда азайып кеткен темірді қалай толықтыруға болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бортсеріктер қайда оқиды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә