Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы облысы Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 миллион теңге жалақы төлеген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!