Еден жуушы әжейді туған күнімен құттықтаған балалар жұртты тәнті етті

Мектепте еден жуушы әжейді туған күнімен құттықтаған балалардың әрекеті жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Еден жуатын апайымыз 60-қа толып, біз де бір алғыс айттық", - дейді видео авторы. 

Видеода балалар әжейді туған күнімен құттықтап, бір шоқ гүлі мен сыйлықтарын ұсынады. 

@gulzhan_khasanovna

♬ TU TU HAI WAHI 2019 New - TSG MR⭐AL

"Еркек басыммен жылайын деп қалдым ғой, осындай әсерлі видеоны ескертусіз салуға бола ма екен?"

"Балаларды осылай тәрбие берген мұғалімге бравао!"

"Жарайсыңдар, балақайлар" 

"Жүзі кандай мейрімді апа еді, кім, қандай жұмыс істесе де құрметке лайық екенін түсіндірген апайына рахмет", - дейді Желі қолданушылары. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина