Тіл жанашыры Асылы Осман ауруханаға түсіп қалды

Ғалым, филолог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Асылы Осман денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Асылы Осман Massaget.kz тілшісіне қазіргі жағдайы туралы, қай ауруханада ем қабылдап жатқанын айтты. 

"Коронавирус емес шығар. 2-3 күн үйде жөтеліп жатқан едім. Дәрігерлерім "короновирус өршіп жатыр, ауруханаға жатқызайық" деп қоймады. Қазір жақсымын, жөтелуді де қойдым. Бірақ түнде ұйықтай алмадым. Дәрігерлер жүрегімді тексеріп жатыр. Ем-домын қабылдап жатырмын. "Орталық клиникалық ауруханадамын", мұнда бәрі таза, жақсы. Бұйырса бейсенбі не жұма үйге шығатын шығармын", - деді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!