"Өз қалауыммен жұмыстан кеттім". Меруерт Түсіпбаева көпшілікке өміріндегі өзгерістер туралы айтты

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева оқырмандарына жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, әнші өз қалауымен жұмыстан кеткен.

"Дәл қазіргі уақытта бір айдан астам шетелдемін. Инста парақшамнан менің Европада жүргенімді көріп , хат жазып , үйлеріне , ресторанға шақырып жатқан сіңілілеріме / бауырларымызға көп рахмет! 3-4 күннен кейін Стамбулға қонаққа барамын, бір апта сонда боламын. Денсаулығымды тексертемін. Биыл , 3-4 айдан астам уақыт АҚШ- та, одан - Ресейде, Европада тұру керек болды. Сондықтан өз қалауыммен жұмыстан кеттім… Енді, елге оралып , осы күнге дейін сахнада , кино/сериал , қойылымдарда жинаған тәжірибеммен бөлісіп, курс бастамақпын…", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!