Ішінде 2 бала болған: Маңғыстау облысындағы тас жолда автокөлік қалың қарға батып қалды

Ішінде 2 бала болған: Маңғыстау облысындағы тас жолда автокөлік қалың қарға батып қалды
Фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар қызметіне "Жаңаөзен-Құланды" тас жолында автокөліктің қарға батып қалғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дабыл бойынша Жаңаөзен қаласының 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен қызметкерлер шақырылған орынға барған.

"Олар "Toyota Xilux" маркалы автокөлігін сүйреп, қауіпсіз жерге шығарды. Автокөлік ішінде 5 адам, оның ішінде 2 бала болған", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы