Аллергиясы бар адамдарға ораза ұстауға бола ма?

Рамазан айының келуіне үш аптадай уақыт қалды. Аллергиясы бар адамдар ораза ұстай ала ма? Мұндай адамдарға ораза ұстау кезінде ескеретін жайттар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді.

"Жалпы аллерголог мамандар аллергияның көптеген түрлері бар екенін айтады. Емделу тәсілдерінің кейбірі оразаны бұзатын табиғи саналатын ауыз, мұрын, тік ішек сынды жолдар. Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады. Сондықтан аллергиясы бар адамдар ескеруі тиіс жайттар бар", - деп жазды ҚМДБ.

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал Қадір түні 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт 10 сәуірде болады.

Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі