"Қара тізімге жіберемін". Динара Сәтжан өзін сынағандарға жауап берді

Тележүргізуші Динара Сәтжан осыдан біраз уақыт бұрын "Ди шоу" атты авторлық бағдарламасында қонақ болған әлемдік әнші Akon  мен ресейлік әріптесі Ксения Собчакқа, әнші Вера Брежневаға қазақтың ұлттық шапанын сыйлап, көпшіліктің сынына ұшыраған еді. Оның осы әрекетін әлеуметтік желіде сынаған оқырмандарға тележүргізуші жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қонақжайлылық - біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақтың даналығы "Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама" дейді. Содан кейін мен #madeinkazakhstan киім өндірушісімін. Менің шоу-румымда 30-ға жуық қазақстандық бренд бар. Мен Akon -ға шапан сыйлағанда, көпшілік "неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын. Сіздерде бәрі жақсы ма? Немесе Сіз қазақ емессіз бе? Ат мінгізіп, шапан жабу - бұл біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ мен қазақпын. Қаным - қазақ! Иісім - қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін блокқа жіберемін", - деп жазды ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!