"Әкесі өмірден өткен кезде қатты уайымдадым". Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы ерекше естелігін бөлісті

"Әкесі өмірден өткен кезде қатты уайымдадым". Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы ерекше естелігін бөлісті
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлы Сардарды туған күнімен құттықтап, естелігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

"Қайрекеңнің кенжесі. Қайрекең үйдің кішісі болса, Сардар екінші поколениенің кенжесі. Сардар өте ұстамды, сабырлы, ешкімге ұқсамайтын ақылды еркем. 40-тан асқан шағында дүниеге келген соң шығар, "осы баламен өзімнің әке екенімді сезіндім" дейтін әкесі. Қатты еркелетті, бір дауыс көтерген емес жарықтық. Сәл мазасызданса, түкіріп қоятын. Өзімнің көзім өтпесін деп…Әкесі қайтқан соң өзіне тынып, қатты стресс алып, үндемей қалар ма екен деп осы ұлымды қатты уайымдадым. Бір елі қасынан қалмадым. Жігіт қой, сыр білдірмеді, спорт пен сабаққа ден қойып көңілін ауланды. Жатсам да, тұрсам да, "Құдай, ұлымның жүрегіне ешуақытта салмақ түсіре көрмеші" деп тілеймін. Туған күніңмен, САР. Денсаулығың мықты болсын, қалғанына өзің қол жеткізетініңе СЕНЕМ", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы