Абай облысында жалған "полиция қызметкерлері" ер адамды алдап кетті

Абай облысында жалған "полиция қызметкерлері" ер адамды алдап кетті
Фото: Абай облысы ПД

Жарма ауданы аумағында жалған "полиция қызметкерлері" ер адамды алдап, ақшасын иемденіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырғандар азаматтың жеке деректерін біліп алып, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған.

Жәбірленушінің айтуынша оны белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған.

Сәл уақыттан кейін, ер адамның шотынан ақша алынған. Жәбірленуші жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, дереу "102" арнасына жүгінген.

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан.

Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталуда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы