45 градусқа дейінгі аяз: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

45 градусқа дейінгі аяз: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде қатты аяз болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады, жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз болады.

Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Қызылордада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.

Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ауа райының төмен деңгейі туралы ескерту сақталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы