Қарағанды облысында мал іздеуге шығып, адасып кеткен ер адам екі күннен бері табылмай жатыр

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері хабарсыз кеткен тұрғынды тікұшақпен іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ер адам мал іздеуге шығып, адасып қалған.

17 ақпанда Қарағанды облысында қыстаудан батыс бағытта Бестамақ ауылына қарай жоғалып кеткен ер адамды ТЖД, туысқандарының, полиция бөлімінің және жергілікті тұрғындардың күштерімен іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгін іздеу жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды.
Сондай-ақ, Трекол мен қарда жүргіш көлікпен солтүстік бағытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!