Алматыда қоймадан өрт шықты: өртсөндірушілер жарылғыш зат болғанын айтты

Өртсөндірушілер Алматыдағы базар қоймаларының біріндегі өрт сөндіру орнында жарылғыш заттардың болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 11-31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) эвакуацияланды. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түсті.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қойма өртенгені хабарланған еді. 

Ведомство мәліметінше, 17 ақпанда сағат 10:40-та Алматыда Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданында өрт шыққан. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!