Білмей жүруіңіз мүмкін: құс етінің қай бөлігін күнде жеуге болмайды?

Білмей жүруіңіз мүмкін: құс етінің қай бөлігін күнде жеуге болмайды?
Фото: elements.envato.com

Тауық еті оңай дайындалады, дәмді, тойымды, калориясы аз. Сонымен қатар, бұл ет ағзаға да пайдалы. Дегенмен мамандар құстың кейбір бөліктеріне мән беру керегін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құс еті ересектерде де, балаларда да жақсы сіңіріледі. Дәрігер Александр Умновтың айтуынша, құс етін күн сайын жеуге болады.

Тауық етінің құрамында мына дәрумендер бар:

  • А, В, С, Н дәрумендері;
  • калий;
  • магний;
  • мырыш;
  • темір;
  • фосфор.

"Жамбас сияқты майлы бөліктер теріні жасартуға, тырнақ пен шашты нығайтуға пайдалы", - дейді сарапшы.

Александр Умновтың айтуынша, құс етінің кейбір бөліктерін тұтынғанда абай болу керек және оларды күнделікті рационға қоспау керек.

Мысалы, тауық өкпесінде паразиттер мен зиян бактерия көп. Тауықтың басында да зиян заттар жиналуы мүмкін, олар пісіргеннен кейін де жоғалып кетпейді.

"Тауықтың бауырында холестерин көп, бұл бүйрек ауруы, асқазан жарасы немесе гастритпен ауыратындарға зиян тигізеді. Тауық бауырын үш жасқа дейінгі балаларға беруге болмайтынын ескеріңіз", - дейді Александр Умнов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова