Жетісу облысында 67 адам қар құрсауында қалған

Жетісу облысында 67 адам қар құрсауында қалған
Фото: видео кадры

Полицейлер мен құтқарушылар "қарлы" тұтқыннан 67 адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pоlisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жетісу полицейлері мен құтқарушылары "Сарыөзек-Көктал" автожолында "қарлы" тұтқыннан 67 адамды эвакуациялады, олардың арасында екі бала мен бір жүкті әйел болды.

"Аяз, көктайғақ және боранмен бірге жүретін өңір аумағындағы ауа райының күрт өзгеруі автокөлік иелеріне көптеген қиындық тудырды. Мұндай жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметтерімен бірлесіп, автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Алайда қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа райына қарамай жолға шығып, өздеріне және өз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретіндер де бар", - деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Дұман Сенгірбаев.

Жүргізушілер полицейлерге, құтқарушыларға және жол қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жол жабылды. Полиция қызметкерлері өз кезегінде патрульдеуді күшейтіп, тәулік бойы жұмыс істейді.

"Құрметті азаматтар! Сіздерден құтқару қызметтерінің хабарламаларын міндетті түрде ескеріп, ауа райының өзгеруін қадағалап, қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз", - деді полицейлер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек