Синоптиктер 13 өңірде қалың қар, аяз бен көктайғаққа байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 13 өңірде қалың қар, аяз бен көктайғаққа байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 17 ақпанда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қалың қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде облыстың солтүстігінде 20 градус қатты аяз болады. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 секундына метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде 35-37 градус қатты аяз сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 метрге жетеді. Түнде облыстың орталығында, батысында 27 градус қатты аяз болады. 

Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз сақталады. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын, түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз болады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді.

Алматыда түнде кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан