Анасы кірген сәтте-ақ мәйітке қараудан бас тартқан: Павлодарда жоғалған жігіт өлі табылды

Павлодарда жоғалған жігіт өлі табылды. Vita ұйымы еріктілерінің айтуынша, ұлының аман-есен үйіне оралатынына сеніп, күтуден үмітін үзбеген ана мәйітхананың табалдырығын аттаған сәтте-ақ оған қараудан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биологиялық материалдар сараптамаға жіберіліп, нәтижесі келген. 

"Мұндай қайғылы жаңалықты хабарлау - біз үшін өте ауыр. Жаңа жыл қарсаңында бейтаныс адамның мәйіті табылды,  болжам бойынша хабар-ошарсыз кеткен Жанат болуы мүмкін деп топшыланды. Марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Анасына Алла сабыр берсін", - деп хабарлады еріктілер. 

Жанат Инцыбаев 2023 жылғы 12 шілдеде жоғалып кетті. Оның артынан жүгірген анасы ұлын тоқтатып үлгермеген және ешкімнен көмек сұрай алмаған. Себебі өтіп бара жатқан адамдар жігітті мас деп ойлаған. Бұған дейін анасы ұлы туралы қандай да бір ақпарат болса немесе жолда көріп, алып кеткен адамдар болса, хабарласуды өтінген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!