Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық.

"Құрметті жүргізушілер! Қолайсыз ауа райына байланысты сіздерді алыс сапарларға шықпауға шақырамыз. Қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық. Республикалық маңызы бар автожолдарда құтқару жұмыстарына 658 бірлік техника мен 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды", - деп хабарлады министрлік.

Жолда қалып қойған азаматтар үшін эвакуацияға дейін және қосымша көмек күші жеткенше жылыту және тамақтану пунктілері ұйымдастырылған.

"112-нің ескертулеріне назар аударыңыз, өзіңіз бен жақындарыңызға сақ болыңыз!", - делінген үндеуде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!