"Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымның мүшесі 5,6 жылға сотталды

"Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымның мүшесі 5,6 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Алматыда экстремистік ұйымның мүшесі 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Терроризмге қарсы күрес басқармасы хабарлағандай, былтырғы қазан айында ІІМ ЭҚКД және Алматы қаласы ҰҚКД көмегімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде М.есімді азамат ұсталды.

Жедел деректерге сәйкес, ол "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымның белсенді қатысушысы, бұрын ҚР ҚК-нің төрт бабы бойынша сотталған. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында рұқсат етілген тінту кезінде әртүрлі діни әдебиеттер табылды және тәркіленді.

Күні кеше Алмалы аудандық сотының үкімімен М.есімді азамат терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып, 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан