Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар жауып, тұман) Алматыдан ұшатын рейстер кешіктіріліп жатыр.

"Жолаушылардан рейстің мәртебесін авиакомпанияның сайтында тексеруді сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алған жерге хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген Air Astana әуекомпаниясының хабарламасында.

Құтқарушылар алматылықтарға ескерту жасады

Еске салайық, Қазақстанның 16 облысында жол жабылған болатын. 

  • Абай облысы - 3 учаске (323 шақырым);
  • Ақмола облысы - 27 учаске (2201 шақырым);
  • Ақтөбе облысы - 4 учаске (694 шақырым);
  • Алматы облысы - 1 учаске (84 шақырым);
  • Атырау облысы - 1 учаске (9 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысы - 3 учаске (280 шақырым);
  • Жамбыл облысы - 1 учаске (450 шақырым);
  • Жетісу облысы - 1 учаске (100 шақырым);
  • Батыс Қазақстан облысы - 1 учаске (133 шақырым);
  • Қарағанды облысы - 8 учаске (1118 шақырым);
  • Қостанай облысы - 11 учаске (1591 шақырым);
  • Қызылорда облысы - 1 учаске (815 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 15 учаске (1924 шақырым);
  • Түркістан облысы - 2 учаске (283 шақырым);
  • Ұлытау облысы - 3 учаске (543 шақырым).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина