Түркістан облысында 9,5 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Түркістан облысында 9,5 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция 13 миллион теңге қарызы бар жүргізушілерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері көше камераларынан деректерді талдайтын және жақын маңдағы полиция нарядтарының планшетіне хабарламалар жіберетін "Қорғау" бағдарламасы арқылы екі борышкерді анықтады.

Полицияға 4 миллион теңгеден астам сомаға берешегі бар BMW автокөлігі бойынша сигнал түсті. Полицейлер көлікті Түркістан қаласының көшесінен анықтады. Сондай-ақ Сайрам ауданының патрульдік полиция инспекторлары қарызы шамамен 9,5 миллион теңге Hyundai автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Қос автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина