Алматы облысында белгісіз біреу төрт баланың аяғын байлап, ұрып, пышақпен қорқытқан

Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу кәмелетке толмаған төрт баланы байлап, ұрып, қинап, пышақпен қорқытқан. Бұл дерекке қатысты облыс басшысы Бауыржан Әленов пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Күдікті анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Бұл дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды", - дейді Әленов.

Басқа ақпарат қосымша берілетін болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз