"Бауыржан қайда?" Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды

Танымал әнші, жүргізуші, актриса Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші видео астына оқырмандарына көп нәрсе айтқысы келетінін жазған. 

"Көп нәрсе айтып, жазғым келіп тұр…
Бірақ қазір емес..
Кеттім…", - деп жазған ол.

Әншінің мұндай жазбасына Желі қолданушылары ойланып, түрлі пікір қалдырған. 

"Бауыржан қайда? Тек жақсылық болсын", "Жігітіңіз қайда?", "Айтатын әңгіме көп, бірақ оған уақыт аз деп қойыңыз", - деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін "Маған бергендей қуанып отырмын". Танымал әншіге жолдасы су жаңа көлік сыйлағаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонмен көңіл айтуға бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз