Досаевтың алдында жылап тұрып көмек сұраған әйел есінен танып қалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтан жылап тұрып көмек сұраған әйел есінен танып құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуге келген әкімге келіншек басына түскен мәселесін баяндаймын деп талып қалған.

Былтыр үйі өртеніп, соның кесірінен мүгедек баласымен далада қалып, бұған қоса 32 милион теңгеге қарызға батқан. Өйткені қызыл жалын оның көршісінің учаскесіндегі жатақхананы да шарпыған. Жатақхана иесі қаражатты өндіруді талап етіп, оны сотқа берген. Ал әйел үйіне жапсарлас тұрған ғимараттың әу баста заңсыз салынғанын дәлелдей алмай, Досаевтан көмек сұрады. Қала басшысы бірден құрылыс басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментіне істің ақ-қарасын анықтауды тапсырды.

"Біріншіден, құрылыс басқармасының басшысына ғимарат құрылысының заңдылығын, ал төтенше жағдайлар департаментіне өрттің қай жерде және неге шыққанын, құрылыс нормалары сақталды ма, жоқ па, соны анықтауды тапсырамын. Әділет департаментіне мәселе шешілгенше келіншекті мүгедек баласымен баспанасынан қумауды сұраймын", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!