Астана тұрғынынан есірткі тәркіленді

Астана тұрғынынан есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Астана тұрғынынан есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

42 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тексеру кезінде 124 ұнтақ тәрізді полиэтилен орама мен психобелсенді таблеткалар салынған сөмке табылды.

Одан әрі тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм "мефедрон", 23,1 грамм "гашиш" және 17,4 грамм "ЛСД" есірткісі екені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина