11 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

11 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол

11 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 ақпан сағат 12:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

  • Абай облысында - 3 учаске (219 шақырым)
  • Ақтөбе облысында – 2 учаске (395 шақырым)
  • Алматы облысында - 1 учаске (84 шақырым)
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6 учаске (418 шақырым)
  • Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым)
  • Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым)
  • Қостанай облысында - 1 учаске (83 шақырым)
  • Қызылорда облысында - 1 учаске (815 шақырым)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 шақырым)
  • Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым)
  • Ұлытау облысында - 2 учаске (438 шақырым)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1475 жолшы жұмылдырылған

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина