Тойдағы тағы бір торт қызу талқыға түсті

Тойдағы тағы бір торт қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/ainur_askarkyzy

Танымал сынықшы Айнұр Асқарқызы қызы Айкөркемнің шаш алу тұсаукесер тойын дүркіретіп жасаған болатын. Тойдағы үлкен торт көптің талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сынықшы торттың дәмі тіл үйіретінін жеткізді.

"Кешегі Айкөркем қызымыздың туған күніне арнайы “Samal cakes” кондитерлік желісіне @samal_cakes тапсырыс берген болатынмын!

Тамаша безендіріп орындадыңыздар, ойымнан шықты.

Одан бөлек торттың дәміде өте керемет.
Сіздерге алғысым шексіз, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер", - деп жазған сынықшы.

Желі қолданушылары халық емшісін құттықтап, игі тілек тілеген.

"Жегенде арманда, жемегенде арманда" деген торт болды", "Ертегідегідей болып тұр ғой", "Құтты болсын той,  осындай той беру жұгысты болсын", "Айкөркем қыз ертегі әлеміндегі ханшайымдай болыпты күшті, бізге де осындай той жасау жұғысты болсын", "Керемет! Мына тортты жеуге де қимайды екенсің. Қуанышты күніңіз көп болсын!", "Керемет Айнұр, құтты болсын той! Той тойға жалғаса берсін! Мықты қыз жарайсың", "Ең әдемі торт", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі сынықшы қызының шаш алу тұсаукесер тойын дүркіретіп тойлап жатқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Иттер неше жыл өмір сүреді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә