Әнші Мақпал Исабекова қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші Мақпал Исабекова қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/makosyai/

Танымал әнші Мақпал Исабекова ана болуға дайындалып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Бүгін 2024 жылғы 14 ақпан
Дәстүр бойынша
Жалпы, міне  ️
Мен үшін қуанып, төменде пікір қалдырсаңыз болады", - деп жазған әнші.

Өнер иесі жариялаған видеодан оны жүкті екенін байқауға болады.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ізгі тілектерін жазған.

"Бұл бүгінгі күннің ең керемет жаңалығы. Жүктілігіңіз жеңіл өтсін", "Құтты болсын. Жеңіл босануыңызға тілектеспін", "Мақпал, құттықтаймын, жүктілігіңіз жеңіл өтсін", "Шын жүректен құттықтаймын, ең әдемі әйел - жүкті әйел", "Махаббат", "Урааа, тағы жүктісіз бе, аман-есен босаныңыз", - деп пікір қалдырған олар.

Айта кетейік, бұған дейін "Көп жылаймын". Әнші Мақпал Исабекова отбасылық өмірдегі қиыншылықтары туралы айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Тіс қанаса, ораза бұзыла ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә