Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аса ауыр қылмыс Алматының аумағында түнгі уақытта болған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.

"Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды", - делінген хабарламада.

Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!