Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды
![Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды](/userdata/news/news_101327/image_l.jpg)
Фото:
видеодан алынған кадр
Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аса ауыр қылмыс Алматының аумағында түнгі уақытта болған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.
"Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды", - делінген хабарламада.
Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан