"Ирина Кайратовна"-дан" "Қазақфильмге" дейін: режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды

"Ирина Кайратовна" тобының бейнебаяндарының бұрынғы бас режиссері Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" президентінің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Азамат Сатыбалды Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Су жаңа кеңесші. Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар. Алла жар болсын", - деп жазды ол.

Қуаныш Бейсек – YouTube-тегі танымал "Ирина Кайратовна" шоуы авторларының бірі. Бірнеше ай бұрын директор жобадан кетіп қалды. Ол жуырда өзінің "Дәстүр" фильмін үлкен экранға шығарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!