Шымкентте ер адам үстіне бензин шашып, өзін өртеймін деп қорқытып жатыр

Шымкентте ер адам үстіне бензин құйып алған. Ол өзін өлтіремін деп қорқытып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы "Шайгүл" тойханасының шатырында болған. 

Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар, жедел жәрдем мен полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов келген.  

Кейбір мәліметтер бойынша, ер адам осылай дауды шешпек. Яғни әлдекімдер өзіне тиесілі тойхананы тартып алмақ екен. 

Артынша ер адам құтқарылғаны белгілі болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!