"Шенеуніктерге интим-қызмет көрсеткен". Тағы бір "Айка" ұсталды

Қырғызстанда қалтасы қалың азаматтар мен жоғары шенді адамдарға интим-қызмет көрсететін қыздарды басқарған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik.kg порталына сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Жезөкшелік пен азғындыққа жәрдемдесу" бабы бойынша іс қозғалған.

"Іс құжаттары бойынша И.К.Д интернет-топ ұйымдастырғаны, ол жерде 18-25 жас аралығындағы қыздар және танымал адамдар мен блогерлер бары анықталды. Эскорт қызметтердің құны 1-10 мың доллар аралығында болған. 

Сонымен қатар, күдікті қыздардың Дубай және өзге де көрші мемлекеттерге интим-қызмет көрсетуге барып келіп жүргені анықталды", - делінген Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінде. 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған. 

Еске салайық, былтыр 6 маусымда Қазақстанда танымал модель әрі блогер жезөкшелікпен айналысатын "элиталық эскортницалар" желісінің ұйымдастырушысы болғаны хабарланған еді.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. 

Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған.

Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол 209 миллион теңгеден астам сома.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!