"15 ақпанда балаларды атамын" - Қостанайда жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды

"15 ақпанда балаларды атамын" - Қостанайда жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: Tengrinews.kz

Қостанай облысының полиция департаменті желіде балаларды атуға қатысты тараған жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Желіде тараған ақпаратта белгісіз біреу №3 гимназия "жасаған күнәсіне жауап беретінін" және 15 ақпанда оқушыларды ататынын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

"Жалған жазбаның авторын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Кеше Қарағандыда дәл осындай жалған хабарлама таратқан кәмелетке толмаған бала ұсталған еді.

Полицейлер арандатушылыққа бой алдырмауды, хабарламаның таралуына жол бермеуді және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. Сондай-ақ департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина