Жаңа қаржы министрі жалақысын айтты

Жаңа қаржы министрі жалақысын айтты
Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, ол 1,5 миллионға жуықтайды.

"Мен жалақым қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы алатын боламын. Сіздің сұрағыңыз бойынша 1 миллион теңгеден асады, шамамен 1,5 миллион теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі", - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, Такиев 6 ақпанда тағайындалды.

Ол 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Министр болғанға дейін 2023 жылғы наурыздан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Amanat партиясы фракциясының мүшесі қызметін атқарды.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz