Қызылордада оқушылар әжетханада төбелескен: тексеріс басталды

Қызылордада оқушылар әжетханада төбелескен: тексеріс басталды

Қызылордада оқушылардың төбелесіне қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Facebook-те Айгерім Рахымжанова атты қолданушы Қызылордадағы мектепте болған жағдай туралы айтқан болатын.

"Видеодан кадр дәл осы фото мектеп әжетханасында орын алған! Жоғары сынып оқушылары жаға жыртысып, жұдырық ала жүгірген бейне жазбасы әлем-желіге кеңінен таралды Қызылорда Полиция департаменті және Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасы бұл жасөспірімдер арасында қылмыстың күн санап артуы емес пе? Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі мектеп әжетханасы жұдырық алаңына айналған ба?

Мектептегі буллинг белең алғанда Қызылорда Облысының Білім Басқармасы тарапынан жүйелі жұмыс жүргізілмеді ме? Жасөспірім өлімі, бала зорлығы, енді әжетханада күш сынасқан оқушылардың ісі жабулы күйінде қалмақ па? Аскарбек Есжанов бұл жағдайдан хабарыңыз бар ма? Мектеп директорлары ауысса да нәтижесі жоқ ауыс-түйістен қалада басшылық құрам қалмайды-ау, сірә?", - делінген жазбада. 

Бұл дерекке қатысты полиция департаменті жауап берді. 

"Полиция қызметкерлері Қызылорда қаласы мектептерінің бірінде жанжалдасқан оқушылардың жеке басын анықтады. Олар ата-аналарымен бірге қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген жауапта. 

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының Білім бөлімі де бұл ақпаратқа қатысты жауап берді. 

"Қайырлы күн! Сіздің көтеріп отырған мәселеңіз білім басқармасының қатаң бақылауында екенін жеткіземіз. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция Басқармасы тарапынан аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды", - делінген жауапта. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина