Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 14 ақпанда сағат 03:25-те болған. Атырау облысы Жылыой ауданы, "Құлсары" т/ж станциясы, № 11-ші жолда "Теңізшевройл" ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 бірлік жартылай вагондарының рельстен шығып кеткен. Тепловоздағы жалпы вагон саны - 62.

Вагондарда күкірт тиелгені анықталды. Бұл жағдайда күкірттің далаға төгілуі орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат аудандық "ҚТЖ ҰК" АҚ қалпына келтіру пойызы шықты.

Бұл жағдайға байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб өрістетілді. Қазіргі уақытта тиісті шаралар атқарылып 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!