Ғазизхан Шекербек өзін фильмге саундтрек жаза алмайды дегендерге жауап берді

Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында өмірден өткен композитор Арман Дүйсеновпен бірге киноға ән жазғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, ол бұған дейін бірнеше фильмге ән жазған.

"Бәлкім, мені адамдар фильмге ән жаза алмайды деп ойлайтын шығар. Мен киноға ән жазғанмын, бірақ олар аса бір танымал болмаған. Кезінде марқұм Арман Дүйсенов ағамыздың жанында жүріп, екеуміз бірге фильмге ән жазғанбыз. Мысалы, Баян Есентаева (Алагөзова - ред.) түскен "Осторожно, корова" фильмінің саундтрегін Арман аға екеуміз жаздық. Бұдан бөлек, теледидардағы арналардан көрсетілетін сериалдарға да жаздық. Мен жалпы киноны сеземін, білемін. Бірақ, мен сахнада жүргеннен кейін киноға жаза алмайды деп ойлауы мүмкін. Дегенмен бұл маған ұнайтын жұмыс.

Әрине, кино түсіретін продюсер, режиссерлар ән сұрап үйреніп қалған сазгерлерге барады. Менімен ешкім тест жасағысы келмейді, мен оларды сөкпеймін, олардың орнында мен де сөйтетін едім. Мен жаза аламын деп айтқаныммен, бірнеше адам маған сенім артуы керек. Ал олай ешкім жасамайды. Сондықтан да олар тәжірибесі бар адамның алдына барады", - деді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін "Көбін Қайрат Нұртас айтты". Ғазизхан Шекербек жүрегін жаралаған қызға 10 шақты ән арнағаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең сенімді көлік қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!