"Көбін Қайрат Нұртас айтты". Ғазизхан Шекербек жүрегін жаралаған қызға 10 шақты ән арнаған

"Көбін Қайрат Нұртас айтты". Ғазизхан Шекербек жүрегін жаралаған қызға 10 шақты ән арнаған
Фото: "ХабарLike"

Танымал әнші, композитор Ғазизхан Шекербеков "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында жүрегін жаралаған аруға бірнеше ән арнағанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, ол әндердің көпшілігін Қайрат Нұртас айтқан.

"Жаралы сезім бар. Ол оқып жүрген кез еді. Жаралы сезіміме арналған әннің біршамасын Қайрат Нұртас айтты. Мысалы, "Аңсайды жаным", "Сен де мен де", "Мен ораламын" және тағы бір-екі ән бар. Ол аруға шамамен 10 шақты ән арналды, ал оның 5-6 хит болды. Ол кісі әндердің өзіне арналғанын білмейді. Бірақ мен нақты білмеймін, өйткені біз хабарсыз кеткенбіз. Мен жәй ғана ішімдегіні шығардым, болды", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін "Ақшам да болмады, әбіржіп кеттім". Әнші Ғазизхан Шекербеков өлеңін ақшаға сатқан кезін еске алғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ең сенімді көлік қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә