Алматыда ер адам газдан уланып қайтыс болды

Алматыда ер адам газдан уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 19:50-де Медеу ауданындағы Көктөбе 2 шағын ауданы, Монтажник көшесісі, 25 мекенжайында бұрын қатты отынмен жұмыс істейтін пештен ақау шықты.

1960 жылы туған үйдің иесі көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

Оқиға орнына жеке құрамның екі қызметкері және бір бірлік техника шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!