"Талаптарымды орындайтын болды". Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы сүйіктісі қуанышты жаңалығын бөлісті

"Талаптарымды орындайтын болды". Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы сүйіктісі қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/sabrs.mom

Танымал әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы сүйіктісі Жәмила қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол бұл туралы Желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, араға 3 ай салып сотта жеңіске жеткен.

"Көреміз бағдарламасы мен оның жүргізушісі Руслан Өтепбай, менің адвокатым Нұрмұхамбет Айдынның арқасында 12.02.2024 жылы біз сотта жеңіске жеттік және менің Сабырдың әкесіне қойған талаптарымды орындауға ҚР Заңы бойынша міндеттелді. 

Айтпақшы, бүгін Дарвин күні. Менің ұлым әкесімен болған қақтығыстарға қарамастан өзінің шығу тегін біледі.

Олар мәселені заң бойынша, былайша айтқанда, еркектік жолмен шешті.

Ал менің алиментке қол жеткізгенім дым да ұят емес, бұл тіпті Қазақстан үшін жеңісті кейс, біз айда мақсатымызға жеттік, менімен бірге шын жүректен қуанған әрбір жаңға рақмет", - деп жазған ол.

Еске салайық, жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланды. Ал әншінің өзі күні кеше бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. Әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты. Massaget.kz тілшісі Жәмиламен сұхбаттасып, шын мәнінде жағдай қалай болғанын сұраған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Сағызды неге 10 минуттан артық шайнауға болмайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә