"Екі бәтеңкемнің табаны жыртық еді". Әнші Ғаділбек Жанай қиындықты қалай жеңгенін айтты

Танымал әнші Ғаділбек Жанай "Қазақстан" арнасына берген сұхбатында жас кезін еске алып, қазіргі жастарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, қалтасында соңғы 30 теңгесі қалып, не істерін білмей жүрген кездері де болған.

"Алматыда Абай көшесінің бойымен келе жатқан едім. Қалтамда 30 теңгем болды, сол 30 теңгем түсіп қалмасын деп оны ұстап келе жатырмын. Қарын деген ашып тұрды. Екі бәтеңкемнің табаны жыртық еді, ал ішіндегі шұлық аяқ киім жыртық болған соң, автоматты түрде жыртық болады ғой. Сөйтіп жерді табиғи теріммен басып келе жатырмын. Алматыға келмес бұрын менің Шаттық деген құрдасым қаладағы құда баласының нөмірін хабарлассаң, саған көмектеседі деп берген болатын. Мен ол жігітті Ақтауға бір-екі рет келген кезінде көрген едім, аздап танимын. Күн батып, кеш болып қалған еді, Сарыарқа базарынан самса алып, енді не істеймін деп жеп келе жатырған едім, сөйтсем алдымнан жаңағы жігітке ұқсайтын бір жігіт келе жатыр. Қарап тұрсам, сол жігіт екен. Ол орысша сөйлейтін, ол Гадильбек деп, мен Алмат деп екеуміз корей сериалдарындағыдай кино болдық. Содан мені үйіне апарып, орналастырып, оның маған көп көмегі тиді. 

Осындай сәт көп болды. Баратын жер болмай, парктерде қондық, кафелерде бір кесе шайды алып, таңды атыратын едік. Мен мұны жастарға кеңес ретінде айтып отырмын, жастардың есінде болсын, бұл бір құдайдың өсірем деп беретін сынағы-сабағы. Қазір осындай сәтті бастан кешіп жүрсеңіздер, болашақта, жақында биікті бағындырамын деп ойлаңыздар, күтіңіздер", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қоштасуға кеш қалғанымды түсіндім". Әнші Ғаділбек Жанай өміріндегі өкініші туралы айтқаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақтың алғашқы ханы Керейдің неше баласы болды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!