"Өлді деуге бола ма?" Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесін еске алды

Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғлиев Желідегі парақшасында әкесін еске алып, тірі болғанда биыл 84 жасқа толатынын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, композитор өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өтпес музыка қалдырды.

"Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан із қалдырған".

Бүгін, менің әкем Ескендір Хасанғалиев 84 жасқа келер еді. Өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өшпес музыкасы қалды. Қазақ барда әуені халықтың жүрегінде!", - деп жазған ол.

Еске салайық, Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаның басында, ортасында, аяғында 3 күннен ауыз бекітуге бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз