Астанада әйел бөтен біреудің 400 миллион теңгесін казиноға салған

Астанада әйел бөтен біреудің 400 миллион теңгесін казиноға салған
Фото: depositphotos.com

Елордада бухгалтер жұмыс берушісінің 380 миллион теңгеден аса қаражатын казиноға тігіп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот үкімімен Астана тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы айтып, оларды алдау арқылы 385,9 миллион теңгеден аса қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған", - деп жазылған Астана қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова